Ақкөл орта мектебінің кітапханашысының ұйымдастыруымен қолға алынған «Буккроссинг» акциясы мектеп оқушыларының арасында кітап алмасуды және кітапты оқуға насихат өткізді. Жалпы кітап – біздің асып таспайтын асыл досымыз.
Технология атауы қанша дамып жатыр десек те қай заманда болмасын кітаптың орны биік тұрары сөзсіз. Алайда, қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне баратын жандардың азайып бара жатқандығы өкінішті. Біріне уақыт, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын шара «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру» акциясы яғни «Буккроссинг» сіздерге көмектесе алады.
«Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп орнына оқымаған кітаптарыңызды алуларыңызға болады. Буккроссингті алғаш ойлап тапқан ғалым Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынандай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып болған соң оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады». Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, оқырмандар саны көбейген. Ал, Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы 2005 жылдан бастау алыпты. Бүгінде біздің мектебімізде де аталмыш акция дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатыр. Акциямыздың басты мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сол мақсатта бұл акция әр ай сайын өткізіліп тұрады. Сондықтан да үйлеріңізде өздеріңіз оқыған қызықты кітап болса соны алып келіп, орнына оқымаған кітаптарыңызды алуға болады. Немесе керек емес шаң басып жатқан кітаптарыңызды оқушылар игілігіне жаратуға асығыңыздар. Аталмыш алмасу акциясына кітаптарын алып келіп, орнына кітап алған оқырмандарымызда бар.