«Ханталапай» ойының өткізу бойынша анықтама
«Ақкөл орта мектебі» КММ
«Ханталапай» ойыны — қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі-де, құралы да — асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі.
Наурыз айының 6 - да біздің мектебімізде мектепалды даярлық сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ханталапай» ойыны өткізілді.
Ойынның қорытындысы бойынша: Амантай Алмаз - «Алғыр бала»;
Цильке Злата - «Мерген бала»; Балтабекова Каусар - «Зерек бала» атты номицияны иеленді.
Ойынды ұйымдастыру барысына ата - аналар тарапынан қолдау көрсетілді. Олардын атынан аталмыш іс – шараны алдағы уақытта да жиі өткізу керек деген ұсыныстар айтылды. Өйткені, қазақ ұлттық ойындарын ойнау барысында балалар ұлттық тәрбие, салт –дәстүр мен рухани құндылық қасиеттерін бойларына сіңіреді.
Башарова А.Ж.
тарих пәні мұғалімі