«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар оңкүндігінің есебі

13.03.2019

      Бастауыш сыныптар оңкүндігі  18-ші  ақпаннан  1-ші наурыз  аралығында  өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің  отырысында талқыланды және бекітілді.

Апталықтың мақсаты: сабақ және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру; шығармашылық қабілетін арттыру.
Апталықтың міндеттері: -оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
- әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
-пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.

Апталық «Білім алу әрқашан қызықты болуы керек» ұранымен өткізілді.

Апталық мынадай жоспарда құрылды:

Іс – шара тақырыбының атауы

сынып

мерзімі

Жауаптылар

 

1

Онкүндіктің ашылуы

Салтанатты саптүзеу

 

1-4

18.02

Жармағанбетова М.М.

Кабдулова Г.Р.

ә/б жетекшісі

2

Мәнерлеп оқу кеші

Вечер выразительного чтения «Алтын жүрек анамыз»

1-4 сын

19.02

Сандыбаева Б.С.

Кабдулова Г.Р.

3

Суреттер сайысы  «Менің туған ауылым»

1 «Б»

20.02

Сандыбаева Б.С.

4

Алгоритм письменного деления с остатком

 

3 «Б»

 

21.02

Кабдулова Г.Р.

 

5

Зат есім Наурыз көже

2 «А»

 

22.02

Сандыбаева Б.С.

6

Ашық сабақ

Сауат ашу

1 «А»

 

25.02

Абуова Б.Т.

 

7

«Звук и буква Ч» открытый урок

1 «Б»

 

26.02

Сорокина А.

 

8

«Қазына көтерген бала»

 

4 «А»

27.02

Жармагамбетова М.М.

9

Дүниетану ашық сабақ

3 «А»

 

28.02

Сейтенова Г.Ж.

10

Познание мира открытый урок

Онкүндіктің жабылуы

«Угадай мелодия»

 

4 «Б»

 

1-4

01.03

Житниковская Т.В.

 

Сынып жетекшілері

Апталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Оқушылар шағын композиция дайындап, көріністер көрсетті. Жүргізушілер онкүндіктің жоспарымен апталықтың тақырыбымен  таныстырды.

Құрылған жоспарға сай мұғалімдер ашық сабақтар өткізді.

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша, жаңа инновациялық технологиялардың әдіс – тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.

Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, екі жұлдыз, бір тілек  берілді. Сабақтар жоғары деңгейде өтті.  Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты. Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды.

Сабақтарға  бастауыш сынып  мұғалімдері және оқу ісінің меңгерушісі қатысты. Сабақтар әдістемелік талапқа сай құрылған. Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдер  өздерінің шеберлігін көрсете отырып, қолдана білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Мұғалімдер оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және бағалауды оқушылар құрылған критериялар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасады. Өткізген сабақтарды талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «Өте жақсы» деген қорытынды жасалды.

1«Б»  сынып мұғалімі  Алена Радиковна   сабақта  жаңа әдіс-тәсілдерді  жоғарғы талғаммен қолдана білді. Оқушылар сабақта кішкентай болсада топтық жұмыстар жасай алады, бір-біріне көмектеседі. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

Жоспар бойынша «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалар өте жақсы, белсенді катысты. Л.С. Киселенко, А.Р. Сорокина, Б.Т.Абуова әділқазылар ретінде өз ескертулері мен  жылы сөздерін айтты.

Жармаганбетова М.М. Кабдулова Г.Р. бастауыш сыныптар арасында спорттық ойындар жарыс түрінде өткізді. 1-4 сынып арасында оқушы ата-анасымен  жарысқа қатысты. Жеңіске жеткен топқа жауапты мұғалімдер тарапынан сыйлықтар беріліп, марапатталды.

Оңкүндіктің соңғы күні «Әуенді тап» атты музыкалық кеш өтті.

Бұл апталықта бастауыш сынып мұғалімдері  жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын.
 

Просмотров: 311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст