«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шахмат ақыл – ой спорты

05.02.2019

Шахмат ақыл – ой спорты

02.02.2019 ж күні КММ  Ақкөл орта мектебінде Ақкөл аймақтық округінің  арасында  шахмат турнирінің байқауы өтті.  Шахмат  – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты  спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл- ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы.  

Бұл шахмат ойынына Қызылтаң ОМ, Ортақ ОМ, Қазақстан НМ, Молодежный ОМ және де Ақкөл орта мектебінің оқушылары қатысты.  Осы шахмат ойыны бойынша 1- орынға ие болған 1-4 сынып ұлдар аралығында  Булатқан Мейрас  Қызылтаң ОМ оқушысы, қыздар аралығында  Рахметова Адина Молодежный ОМ оқушысы  жәнеде 5-8 сыныптар аралығындағы ұлдар турнирінде Ұзынмылтық Асылжан, қыздар турниріннен Саяхат Қырмызы Молодежный ОМ оқушылары иеленді.

2- орынға  ие болғандар Уталиев Бейбарыс Молодежный ОМ, Байзола Мерей Ортақ ОМ,Булатқан Ернур Қызылтаң ОМ, Капбасова Алуа Ортақ ОМ .

Ал  3- орын иегерлері  Амангелді Асанали Ортақ ОМ, Серік Адия Қазақстан НМ, Жанболат Султанали  Ортақ ОМ ие болып,  сайысқа келген оқушылар марапатталды. Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст