Ақкөл орта мектебінде 14-18 қаңтар аралығында ағылшын тілінен пән апталығы өтті .
Апталықтың тақырыбы : Let’s speak English
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жоспары: 14.01. Апталықтың ашылуы/Funny Englsh/
15.01. Интеллектуалды ойын “ The leader of the 21-st century”
/ 5-7сыныптар/
16.01. Ашық сабақ /3 «А» сыныбы Абуова М.К./
17.01. Ашық сабақ /5 «Б» Рымбаева Г.Б./
18.01. Ашық сабақ /8 «А» Альжапарова А.Ж./
«MY SCHOOL» презентация байқауы /8-11 сыныптар/
1күні. Funny English /апталықтың ашылу салтанаты/
1-2сыныптар белсенділік танытып, өте жақсы деңгейде өлең оқып ,ағылшын тілінде ән шырқап белсенділік танытты.
2 күні 5-7 сыныптар аралығында «The leader of the 21 st century»
атты интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға орта буын оқушылары қатысты ағылшын тілінен өз білімдерін көрсете білді. Көптеген тапсырмалар орындап,грамматика,елтану салаларынан сұрақтарға жауап берді Интеллектуалды ойынның жеңімпазы 6 «Б»сынып оқушысы
Салабаева Ксения атанды. 3 «А»сыныбында «Musical instruments» атты тақырыпта ашық сабақ өтті.Оқушылар өте жақсы белсенділік танытты,өз білімдерін көрсетті.Сабақ өте жақсы құрылған Мариам Қайсарқызы жас маман болса да, сабақты өте жоғары денгейде өткізді.
17 қаңтар күні біздің ең жас маман яғни,Рымбаева Гульдана Бауыржанқызы өзінің алғашқы ашық сабағын өткізді.Сабақ 5 «Б» сыныбында өтті.Сабақтың тақырыбы « The Genres of Music».Сабақ әдістеме жағынан өте жақсы құрылған,сабақта көп көрнекі құралдар қолданылды,оқушылар өте белсенді қатысты. Қаңтардың 18 күні жоспар бойынша Альжапарова Аклима Жақсылыққызы 8 «А» сыныбында «Sport and exercises» атты тақырыпқа ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылар топтық жқмыс жасап, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар дәл осы күні 8-11 сыныптар арасында ең үздік презентация «MY SCHOOL» атты тақырыбына байланысты әр сынып өздерінің жқмыстарын қорғады.Оқушылар көп ізденіп,жақсы дайындықтарын көрсете білді. Апталықтың соңғы күні белсенділік танытқан оқушылар мадақтамалармен марапатталды.