«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл» "ЖасҰлан" "ЖасҚыран" қабылдау

15.12.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл», оқушыларды "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау салтанатты жиын жоспары

Сценарий праздничной программы,

посвященной Дню Независимости Республики Казахстан

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» аясында өткелі жатқан «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер!
2ведущий: - Добрый день, дорогие друзья, уважаемые учителя и гости праздника! Мы рады приветствовать Вас в этот торжественный час в нашем зале. 16-го декабря наша Республика отмечает знаменательный, особый праздник -  День Независимости! 

1-жүргізуші

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 ведущий:

Наши знания – Независимость.

Наша цель – мир и благоденствие.

В этом мире есть лишь одна Родина.

Это – Казахстан! 
(Н.А.Назарбаев) 

1-жүргізуші

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін «Жас Ұлан» ұйымының Туы енгізілсін.

Түсініп терең өмірдің мәнін,

Жалынды жастар сендерсің сәнім.

Беретін бойға күш-қуат жігер,

Шырқалсын шаттық әнұран әнім.

ҚР-ның Әнұраны орындалсын!

Исполнение Гимна РК.

1 Алдарыңызда 1Б сыныбының оқушыларын шақырамыз.

Выход чтецов на фоне мелодии.

2 Асия Каркеновна, Алдажанова Тамирис және Шаймұрат Әмина орындауында _________________________күйін қабыл алыңыздар

 

2 ведущий: Казахстан, встав на новый путь развития, воплотил вековые мечты народа о свободе. Народ впервые вновь приобрел возможность развивать свою культуру, язык, веру, религию и традиции. Сегодня каждый гражданин республики гордится своей независимостью. Независимость нашей страны - это самое святое приобретение казахского народа, восстановившее прерванную на триста лет национальную свободу. 

Құттықтау сөз кезегі Ақкөл ауылдық округінің әкімі: _____________________________________________________беріледі.

 

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Киселенко Людмила Станиславнаға беріледі.

1ведущий: - Біздің халқымыз үшін ең қасиетті де, қастерлі тәуелсіздік күніне 30 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышты күн бола берсін. Еліміздің көк байрағы желбірей берсін.
жүргізуші:
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен  2011 жыл 6 шілдеде еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт - дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды.
 жүргізуші:
Міне, бүгін де еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай мектеп үздіктері мен екпінділерін және белсенділерін «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімін бастауға рұқсат етіңіздер.

жүргізуші:

Жас Ұлан ұйымына қабылданатын оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

5 «А» сынып окушысы   Рахман Айтолкын

5 «А» сынып окушысы    Жаналы Самат

5 «А» сынып окушысы    Башарова Арайлым

5 «А» сынып окушысы     Төлебек Еркеш

5 «А» сынып окушысы      Қайыржан Даяна

5 «Б» сынып окушысы    Иманкулова Меруерт

5 «Б» сынып окушысы    Серик Арслан

5 «Б» сынып окушысы    Конишевская Ангелина

 жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Жасұлан – жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан - жылға
Жасұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

1 оқушы - Арайлым: Егеменді еліміздің тірегі
                                     Мектептің болашағы жігері
                                    Достықпен татулық тілегі
                                   «Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
2 оқушы - Еркеш:  Білімді – көкіректе нұр деп түсін
                                   Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
                                    Аталған мақсат, талап, ережені,
                                    Орындауға бәріңде міндеттісің!
3 оқушыАйтолқын: Ризамын деп осындай жастық шаққа,
                                         Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
                                         Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
                                        Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

4 оқушы - Арслан:  Мы красками раскрасим этот мир

                                    А песни нам подарят вдохновение.

                                   Стремится наша молодость вперед!

                                   Мы - новое Казахстана поколение!

5 оқушы - Меруерт: Мы должны воплотить все надежды, 
                                  Все мечты и стремленья, и сны, 
                                  Для того чтоб не жить, так как прежде, 
                                  Новый мир мы построить должны.  жүргізуші: Құрметті қонақтар, мектеп әкімшілігі және ардақты ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы мүшесі Шаймұрат Әминаға сөз кезегін береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата - анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылық пен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!

Жас Ұлан әнұраны орындалады
жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Киселенко Людмила Сатиславнаға беріледі.

                    Марапаттау рәсімі/ Награждение

Ануарбек Айдана, Кәкімжан Ислам, Шаймұрат Әмина орындауында «___________________» әні

Ғалия Елеусизовна мен Кәкімжан Ислам орындауында «Отан» әнін қабыл алыңыздар.
жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
Мектеп! Тік тұр! ҚР туы шығарылсын!
 жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст