«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепшілік пән олимпиадасы

05.12.2021
Жыл сайын 2-4 сыныптардағы ынталылығы жоғары оқушылармен жұмыс аясында бастауыш сыныптарда мектепішілік пәндік олимпиада өткізіледі. Биылғы жылы олимпиадаға небәрі 45 оқушы қатысты. Жас қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

Мектепшілік пән олимпиадасының ашылу салтанаты

Өтетін күні: 03.12.2021ж

Жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар 2021-2022 оқу жылының білім додасына қатысушы оқушылар!
Күні кеше байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ көшбасшымыздың құрметіне орай дәстүрлі мерекелеріміздің біріне айналған «Тұңғыш Президент күні» аталып өтілді.Осынау дүбірлі мерекеге ұласқан білім сайысы сіздерге тың серпін береді деп сенеміз. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.
Жүргізуші: Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі – мектепшілік пән олимпиадасының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
                                                 Г И М Н
Жүргізуші:
 «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн – мектепшілік білім сайысының ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектепіміздің директоры Киселенко Людмила Станиславнага беріледі.

Жүргізуші:

Жастығыңды ізденуге арнаңыз,
Білімдарлық танытыңыз, талмаңыз.

Асуларын білімнің бағындырып,

Өрлей бер, өркендей бер самғаңыз!-  деп

барлығыңызға сәттілік тілейміз.


 

 

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст