«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас талапты жастар»

26.10.2021

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор оқушыларда кездесетін қасиетті айтамыз.

Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.  Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.                                                                  

                           Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.  «Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебінде» дарынды оқушылармен жұмыс практикалық тұрғыда негізінен төрт бағытта ұйымдастырылады. Олар: интеллектуалдық, спорттық, өзін-өзі басқарушылық-ұйымдастырушылық, көркемөнерпаздық.                                                                                                                                    

      Интеллектуалдық  бағытта мектепте төмендегідей шаралар дәстүрлі өткізіліп отырады.Олар: оқушылардың ғылыми жобалар сайысы, көркемсөз оқу шеберлері додасы, интеллектуалдық марафон және тағы басқалар. Бұл шаралардан негізінен оқушылардың ой-өрісі жоғары деңгейде дамиды. Есте сақтау қабілеттері шыңдалады. Нағыз шығармашылық деңгейге көтеріледі.Мектеп жоспары бойынша І тоқсанда пән апталықтар өткізілді. Апталықтар барысында өткізілген іс- шаралардан негізінен оқушылардың ой-өрісі жоғары деңгейде дамиды.  Нағыз шығармашылық деңгейге көтеріледі. Атап өтсек 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Химия» мен «География» пәндері бойынша пәндік апталық өтті . Химия  пәні Жаксалыкова Р.С.  және география пәні мұғалімі Капарова А.У. жоспарлаған  барлық іс-шаралар «Жер экологиясы» тақырыбы және «Ғаламшар-біздің ортақ үйіміз» ұранымен өткізілді. Апта барысында өткен :«Химия –ғажайып қызық!», «Планетаға қамқор бол!», «Экологиялық апат.Себептері мен шешу жолдары» қызықты іс-шаралармен есте қалды.  Осы бағыттағы шараларға қатынасып жоғары деңгейде көрсеткіштер көрсеткен оқушылар : Сағындық Айдана мен  Қайырден Райымбек 11 «а» сынып, Туякова Назерке , Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор оқушыларда кездесетін қасиетті айтамыз.


/public/files/2021/10/26/261021_123918_statyya.docx                     

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст