16.09.2021
13 қыркүйек 2021 жылы "Ақкөл ауылының ЖББМ" КММ
Өрт қауіпсіздігі ережелері өткізілді.
Өрт шыққан кезде әркім білуге тиісті қауіпсіздік ережелері.
Өрт шыққанын білгенде…
- Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;
- Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. “Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды;
- Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;
- Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;
Не істеуге болмайды?
- Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз;
- Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді;
- Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;
- Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды.