«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отчет по декаде языков

24.09.2018

Тілдер фестивалінің қорытынды есебі

10.09.-20.09. қыркүйек аралығында Ақкөл орта мектебінде Тілдер  фестиваліне          орай 

іс-шаралар жоспарланып жақсы деңгейде өтті.      Мақсаты:

Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін

көтеру,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін ояту  .Ана тіліміздің тұғыры мықты болуына негіз

қалаған бабаларымызды өсиетін ұран ету,Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық

халықтардың тілдерін құрметтеу.Ең алғашқы күні мектепішілік саптүзеуде  онкүндіктің 

салтанатты ашылуы өтті.Саптүзеуде онкүндіктің жоспарымен таныстырып  6-8 сынып оқушылары  тіл туралы қанатты сөздер, өлеңдер мәнерлеп оқып,ән

шырқады.

Екінші күні 5 

сынып оқушылары «Тіл халық қазынасы» 

сайыс сабағына қатысты .Жалпы онкүндік барысында мектептің сайтына

бекітілген жоспарды жариялап ,мектебіміздің кітапханашысы кітаптар көрмесін

ұйымдастырып, «Казахстан планета 100 

языков» атты  тақырыппен стендтер

безендірді Қыркүйектің 13 күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аристанова Алма Кайроллаевна «Тіл достықтың көпірі» атты лингвистикалық турнир

өткізсе,Шайхыгалиева Биғайша Сағдатовна «В мире фразеологизмов » тақырыбы

бойынша  сыныптан тыс іс шара

өткізді.Оқушылар белсене қатысып өз білімдерін көрсете білді. Рымбаева Гүлдана

Бауыржанқызы осы оқу жылында келген жас маман 5 «Б» сыныбында «Страна,

соединившая народы » атты сынып сағаты 

өткізді.Оқушылар бастауыш буыннан келгенмен орта буынға жақсы

бейімделіпкеле  жатқанын аңғаруға

болады,әр оқушы өз ойын ортаға салып сыныптастарымен бөлісті.

 

Сонымен қатар, онкүндік барысында ағылшын тілінен де

мектеп оқушыларының білім деңгейін анықтауға тырыстық ,оған дәлел.ағылшын тілі

пәнінің мұғалімі Абу Мариям Қайсарқызы орта буын оқушыларымен «Who knows more ?»

атты  іс шараны жоғары деңгейде

өткізді,әр қатысушы бар білімін ортаға салып ең көп ұпай саның жинаған 6 «А»

сынып оқушысы Аубакирова Назира көрермендердің көзайымына айналды.         Қазақ  тілі мен әдебиеті мұғалімі Кажкенова Жұлдыз

Шокановна 5-7 сыныптар аралығында үш тұғырлы тіл «Лидер XXI века».интеллектуалды

ойынын өткізіп жеңімпазы Салабаева Александра 6 «Б» сыныбының оқушысы атанды,оқушылар

ойын барысында көптеген мәліметтер алып білімдерін толықтырды. Көрермендермен   қатысушылардың  сөздік қорын тексеру ,молайту, мақсатында «Полиглот»

ойыны өте сәтті өтті деуге болады. Онкүндігіміздің соңғы күні «Язык душа народа» атты тілдер

фестиваліне арналған кеш ұйымдастырылды Кешті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Иванова Наталья Павловнамен мектебіміздің жас мамандары Абу Мариям Қайсарқызы

және Кажкенова Жұлдыз Шокановна   ұйымдастырып өте жоғары деңгейде өткізді.Осы

үлкен кеште әр сынып белгілі бір елдің тілі жайлы мәлімет дайындап,сол елдің

ұлттық киімдерін киіп ,сол елдің тілінде өлең оқып,ән шырқады. Қорыта келе

біздің мектепте оқушыларымыз әр іс-шараға қызығушылықпен қатысып ,белсенділік

танытады.Онкүндіктің соңғы күні барлық белсенділік танытқан оқушылар

аталып,мадақтамалармен марапатталды

 

 

 

 

ӘБ жетекшісі: Альжапарова А.Ж.

 

 

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст