Түлектердің, педагогтер мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету, шектеу іс-шаралары кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында аттестатты салтанатты тапсыру мектеп аумағында ашық алаңда қатысушылардың шектеулі контингентімен, яғни түлектердің және әр түлектің бір ата-анасының қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.
Мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, білім құндылықтарын қалыптастыру, білім туралы құжатты алудың адам өміріндегі маңыздылығы, патриотизмге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
Мектепте әр сыныпқа аттестат тапсырудың кестесі жасалады
Іс-шараның басталуы сағат 10.00
Іс-шараның ұзақтығы – әр бітіруші сыныпқа 40 минут.
Іс-шаралар арасындағы интервал 20-30 минуттан кем емес.
Әр іс-шара өткізілгеннен кейін мектептің техникалық қызметі мектеп бітіру іс-шарасы өткізілген жерге дезинфекция жасайды.
Іс-шарада паралелді сыныптардың түлектері мен олардың ата-аналарының кездесулеріне жол берілмейді.
Мектеп басшылығы алдын ала түлектер мен олардың ата-аналарын іс-шара кестесінен, балалар мен олардың ата-аналарының санитарлық талаптарды сақтау ережесінен хабардар етеді.
Іс-шараның алгоритмі:
I кезең: сағат 10.00-ден бастап. Салтанатты бөлім (Аттестат беру, «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау).
- қатысушыларды алдын ала сызылған сызықтар бойынша тұрғызу;
- аттестаттар тапсыру;
- құттықтау, тілек айту
- музыкалық құттықтау
II кезең: сағат 10.40.-тан бастап «Қайырымдылық істер күні», «Балаларға мейірімді жүректен», «Пайдалы іс – өзіңе ырыс», «Туған елге тағзым» акцияларына, «Аялайық табиғатты бәріміз!» экологиялық десанты және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып «Ағаш отырғызу» акцияларына қатысу.