"Bayrsak party" акциясы.
Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы. Біз бауырсақсыз жайылған дастарханды көз алдымызға елестете алмаймыз. Той-томалақтарда бауырсақ пісіріп, дастарханымыздың сәнін келтіреміз. Әсіресе Наурыз мерекесінде оның түр-түрінен дәм татамыз.