Текст
18-19 ақпан күндері 2-4 сынып оқушылары олимпиадаға қатысты .
Бастауыш мектептегі негізгі міндеттің бірі балаларды оқытуда оқуға деген саналы көзқарасын қалыптастыру және соған тәрбиелеу. Ол көзқарас оқыту процесін жетілдіру, сонымен қатар сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру арқылы қалыптасады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы, бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай біздің мектепте де оқушыларға арналған пән олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу бағдарламасын меңгеруін тексеру және дарынды оқушыларды анықтау; зияткерлік байқауларға қатысуды ынталандыру және үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттау.