«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу сауаттылығы арналған тапсырмалар

25.01.2021

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

  1. Нағыз достық не береді?

А) сенім береді

В) шабыт береді

С) құндылық береді

Д) шынайылық береді

Е) адалдық

2. Достыққа не кедергі бола алмайды?

А) сатқындық

В) адалдық

С) сыйластық

Д) шынайылық

Е) мінез

3. Өмірлік мақсаттардың бірі

А) дос таңдай білу

В) достықты таңдай білу

С) еңбек түрін таңдай білу

Д) арманға қол жеткізу

Е) бақытты болу

4. Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасында не үшін қажет?

А) сенімді арттыру үшін

В) қарым- қатынас үшін

С) саяси тұрақтылық үшін

Д) ынтымақтастық орнату үшін

Е) дос болу үшін

5. Достықты берік ететін не?

А) сенім мен жарқын көңіл

В) татулық

С) саяси тұрақтылық

Д) ынтымақтастық

Е) шыдамдылық

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Ажал аузындағы махаббат

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.
Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.
Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиып қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтыйық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтып кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп-сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан-таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты.
Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен.
Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.

6. Қыз неге назаланады?

А) ғашығына көңілі толмай

В) жігіті ренжіте береді

С) теңізге шыққанына

Д) қиындықта сыналғанына

Е) дауылға

7. Олар қалай аман қалды?

А) қайықтың сынық ағашын ұстап

В) кемедегілер көмектесті

С) малтып аман қалады

Д) тасты ұстап аман қалады

Е) акула көмектеседі

8. Қыз жігітін қалай сынайды?

А) «мені құтқар» дейді

В) «қалай құтыламыз» дейді

С) «сен қорқасың ба?» дейді

Д) «тез кемеге жетейік» дейді

Е) «мен сені сүймеймін» дейді

9. қызды жігіт қалай құтқарды?

А) кемеге жеткізді

В) итеріп жіберді

С) құтқарған жоқ

Д) білегін тіліп жіберді

Е) акуланы өлтірді

10. жігіт неге құрбан болды?

А) жүрегі сүйіспеншілікке толы болды

В) қорқып қашты

С) әлжуас болды

Д) ерлік көрсетті

Е) махаббатын дәлелдегісі келді

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Сөзден тосылу

   Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:

- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:

- Менің Әбдірахман деген балам бар еді.Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді.Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:

- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:

-   Ақ зат асыл ғой, - деді.

-  Неге, қара зат асыл емес пе? - дедіммен. Әбіш бетіме қарап күлді де:

-  Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:

-  Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.

Сонда
Әбіш:

- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - Ақылмен білдім, - дедім мен.

- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма?- деді.

Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан
иіскедім.

11. Басты кейіпкерлер кімдер?

А) Абай мен Наушабай

В) Наушабай мен Әбіш

С) Абай мен Әбдірахман

Д) Әбдірахман мен Әбіш

Е) Наушабай

12. Әбіш демалысқа қайдан келді?

А) Семейден

В) Петербордан

С) Санкт Петербург

Д) Омбыдан

Е) Петербурдан

13. Қараның екінші қасиеті

А) сақал- шаш қара болады

В) көздің қарашығы қара

С) сия қара

Д) қара сиядан өнер- білім алады

Е) қара әдемі түс

14. Әңгімедегі жалқы есімдерді ата

А) ақ-қара

В) сақал- шаш

С) Наушабай, ақыл

Д) Абай мен сөз

Е) Абай, Әбіш, Наушабай

5. Бұл әңгімеден не түйдің?

А) жас жігіт бәрін біледі

В) Абайдан баласы ақылды

С) көп оқыған адам біледі

Д) Әбіш тапқыр

Е) көпті көрген адам бәрін біледі

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Патшаның қызы неге бақытсыз?..

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. ]Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді.
Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.
Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті. "

16. Патшаға кім келді?

А) емші

В) білгір

С) білімді адам

Д) қу адам

Е) бақсы

  1. Қыздар не істеп жүр?

А) ерігіп жүр

В) қайғырып жүр

С) дәптерге жамандықтарды жазып жүр

Д) дәптерге көргендерін жазып жүр

Е) дәптерге жақсылықтарды жазып жүр

18. Үлкен қыз қалай қуанды?

А) жақсылықтар есіне түсіп

В) жамандықтардан құтылып

С) дәптерді ауыстырып

Д) саяхатшыны көріп

Е) әкесінің сөзінен кейін

  1. Өзің осы ертегіден не түйдің?

А) үнемі көңілді жүр керек

В) жақсылық жасау керек

С) білімді болу керек

Д) дәптерге көргеніңді жазу керек

Е) жақсылықты білу керек

20. Неліктен үлкен қыз өзінің дәптерін ауыстырып қойғанын білмеді?

А) сарайдағылар екеуіне бірдей қарағандықтан

В) екі дәптер бірдей болғандықтан

С) әкесі екеуін де жақсы көргендіктен

Д) жазулары бірдей болғандықтан

Е) ұйқысы қанбағандықтан

Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, "Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және басын жоғары көтерген тәкаппарлықтың әлек болғанынкөзіммен көрдім" деп әрдайым айтушы еді.

1. Америка жұртының даңқты білім иесі, Вениамин Франклин жас күнінде, не себепті Медера қаласына келді деп ойлайсыздар?

А) Бір қарт адамға қонақ болып келді.

В) Қарттың немересі болатын

С) Қартты қарттар күнімен құттықтайын деген мақсатпен

D) Қарт көмекке шақырған еді

Е) Америкаға қонақ болып келді.

2. Франклин мен қарт сөйлесіп келе жатады, сол кезде Франклинге қарттың ескерткен сөзін мәтінге сүйене отырып себебін табыңыз.

А) Ұмытпағайсың, сен жассың

В) Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың.

С) Өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстама

D) Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр

3. Мәтінде қарт шал Вениямин Франклинге айтқан кеңесін дұрыс деп ойлайсыз ба?

А) Иә, дұрыс, өйткені кішіпейіл болу керек

В) Жоқ, еңкейген сайын басыну көбейеді.

С) Иә, себебі ол қария.

D) Жоқ, келіспеймін.

Е) Жоқ, әркімнің сөзін тыңдамай, алған беттен таймау керек.

Просмотров: 1524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст