«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп психологының карантин кезіндегі кеңестері

30.04.2020

Мектеп психологының карантин кезіндегі кеңестері

Сұрақтарға жауаптар және карантин кезеңінде ата-аналар үшін жалпы нұсқаулар

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Қазіргі жағдайда, Сіздер, ата-ана ретінде, өз отбасыңыздың, балаларыңыздың денсаулығын сақтап қалу үшін барлық күш-жігерлеріңізді салып жатырсыздар. Алайда, туған-туыстарыңыздың тек денсаулығын ғана емес, сондай-ақ психологиялық амандығын естен шығармаған абзал. 

  • Қалай үрейге берілмеу, қорқынышты басу және сабырмен ойлауды сақтауға болады?

Үнемі қорқыныш пен уайымшылдық адамның иммундық жүйесін әлсіретеді. Өзіңіз және туған-туысттарыңыз үнемі қорқыныш сезімінде болмас үшін, жағымсыз ақпараттар ағынын барынша шектеңіз және өз істеріңізбен айналысыңыз. 

Сіз бен туған-туыстарыңыз үрейлі жаңалықтарды білуге қол тимейтіндей болып, өз істеріңізбен шұғылданыңыздар. Қашықтықтан оқыту, қашықтықтан жұмыс істеу әдістерін меңгеру, оқу және жұмыс үшін жаңа онлайн-платформаларды игеру, онлайн-форматта өзіңіздің барлық таныстарыңызбен байланыс орнату қажет. Біз қолайлы ортадан, нақты жолға қойылған жағдайлардан тыс қалдық. Енді жаңа өмір жағдайын тезірек жолға қою қажет.

 Қалған уақытта:

  • Үстел ойындарын ойнаңыздар.
  • Youtube желісінен танымдық арналарды тауып алыңыздар.
  • Бірге кітап және комикстер оқыңыздар.
  • Мультфильмдер, отбасымен бірге көруге болатын фильмдерді көріңіздер.
  • Үйде караоке ұйымдастырыңыздар.
  • Туған-туыстарыңызбен қарым-қатынас жасауға бұрын уақыт жете бермейтін, енді міне осы қарым-қатынас үшін шынайы қуаныңыздар.  

Қазір көбісі күнделікті өмір ағынынан қалып қойғандарына, жоспарларының бұзылғанына және т.б нәрселерге шағымданады. Алайда, «Проблема болған жерде, жасырын мүмкіндік те болады» деген фразаны еске салғым келеді. Мәжбүрлі оқшауланудың да жағымды жақтарын табуға болады.        

Карантин – бұл  ең жақын туған-туыстарыңызбен, жақындарыңызбен, балаларыңызбен бірге болу үшін мүмкіндік. Балаларыңыздың интернатта болған кезінде сағындарыңызды, демалысты қалай күткендеріңізді, балаларыңыздың алыста болғандығын, оларды құшақтай алмай уайымдаған кездеріңізді еске түсіріп көріңіздерші.

Балаңызға көбірек жақын болып, оған ең жақсы дос бола біліңіз.

Карантин уақыты балаңызды одан жақсы танып, онымен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Болашақта Сіз де, балаңыз да  осы күндерді жылы сезіммен еске алатындай етіп уақыт өткізу үшін барлық күш-жігерлеріңізді салыңыздар.

Карантин – пайдалы тамақтануға көшу үшін тамаша кезең. Тәттілер, кетчуп, жартылай фабрикаттарды қолданбаймыз. Бүкіл отбасы болып мәнті, тұшпара жасаңыздар. Тағамдарды жасау кезінде анекдоттар, күлкілі оқиғалар айтыңыздар. Бірігіп жасаған іс бірлікке және ұйымшылдыққа бастау болады. Осылай бірігіп бас қосқан кезде жағымды жаңалықтарды айтып, бастан өткен оқиғаларыңды немесе бәріңіз тамаша уақыт өткізген жерлерді еске түсіріңіздер. Осындай көңілді сәтте «Бәріміздің  бірге болғанымыз қандай керемет!» деп айтып қалыңыз. Жағымды эмоцияларыңызды көрсетуге ұялмаңыз.    

Бірге фотосессия жасауға болады.

  • Балалар енжар және жалқау болып барады. Не істеу керек?

Ата-аналар үшін ең бастысы – уақытты тиімді пайдалану үшін оны дұрыс ұйымдастыра білу қажет. 

Карантин кезінде бүкіл отбасы үшін күн тәртібін жасау өте маңызды.  Бұл жерде балалардың пікірін, олардың тілектерін ескеру маңызды. Әрбір бала өзінің күн тәртібін өзі жоспарласын, қажет болған жағдайда оған көмектесіңіз. Балаға алдын ала ортақ жоспарды беріңіз, сол жоспарға қарап, өзінің жеке жоспарын жоспарын жасасын. Ортақ жоспар: бірге  таңертеңгілік ас, түскі ас, кешкі ас ішу және барлығы бірлесіп жасайтын істер.

Күн тәртібін жасағанда ортақ істермен қатар, әр отбасы мүшесінің «өз жұмысы, сабағы», «үйдегі өз міндеттері» және «өзінің жеке уақыты» болуы қажет.

Балалар ұйықтайтын уақытты белгілеңіз. Күнде бір уақытта ұйықтаған дұрыс. Мысалы, кішкентайлар – ертерек, үлкендері – аздап кешірек.  Кішкентайлар жатқаннан кейін, ересектердің де  өзіне деген уақыты болады.

Осы күн тәртібін қатаң сақтаңыздар. Егер ата-аналар бір күн немесе апта өздері осы жоспарды ұстанбаса, балалар да ұстанбайды.

Карантин –  бұл ата-аналар үшін емтихан сияқты.

Егер бұрын балаңыз интернатта тұрған болса, немесе тек кешке және демалыс күндері ғана уақытты бірге өткізген болсаңыз, енді міне балаларыңызбен күні бойы бірге бола аласыз. Өзіңіздің ата-ана ретінде қалыптасқандығыңызды көрсетуге ұмтылу қажет.

Сондықтан карантин кезеңінде балаларыңызға үлгі бола білу ерекше маңызды.

Өйткені балалар бәрін тез байқап, губка тәрізді сіңіріп алады: олар ересектердің мінез-құлқын, дауыс ырғағын, әрекетін қағып алады, мимикасын, ымдарын, сөздері мен эмоцияларын айнытпай қайталайды. Осының бәрі сана түйсігі деңгейінде өтеді, себебі бала ана-анасына ұқсауға тырысады.

Тиісінше, балаңыз сіздің қашықтықтан жасайтын жұмысыңызға жауапкершілікпен қарайтыныңызды көрсе, ол да өзінің сабағына сондай жауапкершілікпен қарайтын болады. Балаңыз мұғалім берген тапсырмаларды ыждаһатпен орындаған кезде міндетті түрде мақтап қойыңыз. Балаңыздың зейінін байқап, мақтағаныңыз бала үшін өте маңызды.

Ата-аналар қарапайым және «қызықты емес» істерді ойынға айналдырып, шығармашылық танытуы керек.  Мысалы,  «Шаңды толықтай жою операциясы» немесе «Федордың қайғысына» біздің берген жауабымыз» немесе «Үздік аспазшы конкурсы». Әрбір істі тапсырғанда балаңызды керемет батыр ретінде көрсетіп, олардың тамаша қабілеттерін атап өтіңіз. Әрине, сіздің ата-аналық шығармашылығыңыз балаларыңыздың жасына, олардың қызығушылықтарына сәйкес болуы тиіс. 

  • Карантин кезеңінде психологтың көмегін қалай алуға болады?

Құрметті ата-аналар! Бұл жалпы нұсқаулар сіздер үшін пайдалы болады деп сенемін. Басқа сұрақтар туындаған жағдайда, онлайн-консультация алуларыңызға болады.

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст