«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

01.03.2017

Күні: 25.02                  Қазақ әдебиеті                          8 «А» сынып

Сабақтың

тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»

Білімділік:

Сезіммен өлең өрген, жыр шырағы. Мұқағалидың поэмасының тақырыбы мен идеясын

ашу, поэманың мазмұнын игеру.

Дамытушылық:

Оқушылардың шығармашылық ойын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,

ойын жүйелі жеткізуге дағдылаңдыру.

Тәрбиешілік:

Табиғатты аялай білуге, туған жерді сүюге, сұлулық пен сезімді түсіне білуге,

поэманы сүйіп оқуға баулу. Мейірімділікке, адамгершілік баулу.

Сабақтың

түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері:

топтық талдау, сұрақ-жауап, кубизм.

Көрнекілігі:

оқулық кітаптар.

Пәнаралық

байланыс: Музыка Н.Тілендиев "Аққу күйі".

Көрнекілігі:

интерактивті тақта, кітаптар, суреттер.

Түрі:

Білім - біліктілікті қалыптастыру.

Сабақтың

барысы:

Ұйымдастыру.

Сыныпты үш топқа бөліп, сабақ барысымен таныстыру.

(«Ана»,

«Аққу», «Табиғат»)

Үй

тапсырмасын сұрау.

1.

«Менің Мұқағалиым». Ақынның өзіне ұнаған өлеңдерін жатқа айту.

Ақын күнделігінен... «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымнен менің

өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның

бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп

қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те

емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде

күлімдеп, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...» (М. Мақатаев).

ІІ.

Топтастыру стратегиясы.

Мұқағали

кім?→ Ақын, данышпан

Оқушыларды түстер бойынша үш топқа бөлу.

Бәйге! Бәйге! Бәйге!

Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден

берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.

1

«Ана» тобына:

1.

Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали

2.

Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен

3.

Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан

4.

Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы

5.

Ақынның әжесінің аты? - Тиын

6.

Ақынның атасының аты? Мақатай

 

2

«Табиғат» тобына:

1.

Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?

2.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты?

3.

Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.

4.

Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов

5.

Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім? Н.Тілендиев

 

3. «Аққу» тобына:

1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз

2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде

1991 жыл

3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»

4.

Ақынның жарының аты - Лашын

5.

Ақынның алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай»

6.

Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау»,

 

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

 

Мәтіннің мазмұнын оқып, сатылай кешенді талдау («Жіптегі

тізбектер» әдісін қолдану)

 

1-топқа:

 

1.Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар?

 

2.Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні, қасиеті,

айнала қоршаған ортамен үндестігі, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?

 

3.«Сызат», «Алау» сөздерінің мағынасын түсіндір.

 

 2- топқа:

 

1.Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген ?

 

2.Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?

3.Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйін

бағып –деген өлең жолындағы «күй»

сөзінің мағыналарын түсіндір.

 

3-топқа:

 

1.Осы бөлімдегі жылқышы мен ананың диалогін екі оқушы

кезекпен мәнерлеп оқыңдар.

 

2.Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба ?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?-деген жылқышы қарттың         сөзінде не мән бар?

 

3. « Қасиет», «Қасірет» сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.

 

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ақынның поэмасындағы негізгі

арқау болған тақырып не?

Тақырып

Сұлулық

Махаббат

Зұлымдық

• Композициялық құрылымына талдау.

Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.

Оқиғаның

байланысуы: Жетімкөлге аққулардың келуі.

Оқиғаның

дамуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы.

Оқиғаның

шиеленісуі: Сорлы ананың мылтығымен көлге келуі.

Оқиғаның

шарықтау шегі: Ананың аққуларды атуы.

Оқиғаның

шешімі: Баланың өлуі. Жетімкөлге аққулардың қайта айналып келмеуі.

 

VI. Шығарма

кейіпкерлеріне мінездеме беру.

Кейіпкерлер  Іс –

әрекеті, адами қасиеттері

Ана     Қамқор ана.

Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.

Әке     Адал жан,

халық дәстүрін берік ұстанады.

Тәуіп шал       Мейірімсіз,

қайырымсыз. Таяз ойлы.

Бақташы қарт            Ақылы

мол, көргені көп.

 

Поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау

Теңеу  Эпитет          Тұрақты тіркес          Кейіптеу        Метафора

 

(Теңеу - Жаңбырдың тамшысындай;

Эпитет - Қатыгез, сұрқай ой, сұм жүрек, ақша бұлт;

Тұрақты тіркес - Ошақ қасы, от басы:

Кейіптеу - Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр.

Метафора - Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала, өмір –

дария;).

 

• Шығармашылық тапсырмалар:

1.«Аққу» тобына:

1. Аққудың әсемдігін білдіретін сөз жазыңдар.

7. Шығармадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттейтін

деталдарды табыңдар.

8. «Табиғат» тобына:

1. Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы қалай суреттелген?

* Ойланайық!

Аққуды атуға бола ма?

 

Әр топ өз

аттарына бес жолды өлең құрастырады.

 

2 топ дайындалғанша «Табиғат» тобы мәтіннен өздеріңе

ұнайтын үзіндіні дәптерлеріңе жазып алып, оны не үшін таңдағандарың туралы

әңгімелейсіңдер.

 

Жалпы, қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол

себепті қазақ аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың

бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі

оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті

ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. Мәселен, С.

Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Қорқыт баба, Ықылас Дүкенұлының, Н.

Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б. Аюхановтың «Аққу биі» - халқымыздың аққуға

деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. Мына бір аңызға сүйенсек: «Ертеде

бір адам аққудың киелі екенін білмей оқ атады. Сонда аққудың сыңары өз

қосағынсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдеп, өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі

өлтіреді. Ал оқ атқан адам арада қанша жыл өтсе де, отбасын құра алмай, еш

перзентсіз дүниеден жалғыз өтіпті» дейді. «Аққу - құстың төресі, жалғыз жатып

оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз.

Аққуды тек қазақ халқы емес, басқа халықтар да дәріптеген. Мысалы: П.И.

Чайковскийдің «Аққу көлі» атты шығармасы, сол сияқты Шекспирдің «Венеция

көпесі» атты пьесасында аққу сұңқылдап ән салады. Тіпті аспан әлеміндегі

шоқжұлдыздардың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Өзіміздің салт-дәстүрімізде

«Аққу мойын» деп аталатын өрнек те бар. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды,

өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді.

Ал, ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек.

Бұл жырда пақыр ана өз баласы үшін қасиетке оқ атады. Ананы бұған итермелеген -

баласына деген асыл махаббаты. Тәуіптің сөзіне сенген ана, ақыр соңында,

перзентінен де айырылып, есі ауып кетеді. Енді, балалар, жырдағы ана әрекетінің

дұрыс-бұрыстығын талқыға салмақпыз.

Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға

оңайға түсті ме?

4-тапсырма. Пікірсайыс

            Ана

әрекеті дұрыс па?

а) Иә

б) Жоқ

«Аққу» - жақтаушы топ:

Аққуды атуға болады.

Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.

Аққу - махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы

махаббаттан артық махаббат жоқ.

Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.

Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап

өтер еді.

 

«Ана»

- даттаушы топ:

Аққуды

атуға болмайды.

Аққу

- киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.

Аққу

– табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.

Аққу

– махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.

“Аққуды

атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.

 

«Табиғат» тобына өзіндік жұмыс беріледі.

Мәтіннен үзінді Не себепті таңдадыңыз?

«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,

Құлынымның

қасынан неге кеткем?

Ошақ

қасы, от басы, көрмеппін ғой,

Дүние

- ау, сен осындай керемет пе ең?

Ана

отыр, озбыр ойлар қамалауда,

Қамалауда,

әлдекім табалауда.»

Осы

үзінді өзіме қатты ұнады, өйткені шарасыз ананың жай - күйі жаныма қатты батты.

Баласы үшін бар құрбандыққа баратын ананың жанкешті бейнесі. Сорлы анаға жаным

ашиды.

 

Шығармашылық

тапсырма. Анаға хат. (Сүгірдің «Аққу» күйі ойнап тұрады.)Оқушылар

анаға арнап хат жазады.

Сахналық көрініс.

«Аққу» тобы көлде жүзіп жүрген және жаралы аққудың ролін

сомдайды.

«Ана» тобы аққуды атқан ана, одан кейінгі ананың зарын

сомдайды.

«Автор

орындығы».

 

Егер

мен автор болсам...

Поэманы

өз ойыңмен аяқтап көр.

Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар:

бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де

мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

- Балалар ақын Фариза Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар

халық – бақытты халық» деген екен. Сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан

сендер сол бақытты халықтың ұрпағысыңдар.

Үйге

тапсырма:

«Аққу

– көлдің еркесі» шағын эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 2607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст