мерзімі: 20.09.2017 сынып:
8 «Б» сабақ№11
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық мерекелер.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: етістік бойынша
білімдерін нығайту;
дамытушылық: сөздік
қорын, ойлау қабілетін арттыру;
тәрбиелік: отбасылық
құндылықтарды сақтау, қазақ салт-дәстүрлерімен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, карточкалар, плакаттар, бағалау парақшалары;
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, «ВЕНН» диаграммасы, өрмекшінің
торы;
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру(3 мин).
а) кезекшінің есебі
ә) психологиялық
ахуал. Күй орындалып отырады, балалар ортаға шеңбер құрып, бір-біріне жақсы
тілек айтып отырады.
ІІ. Үйге тапсырмасын тексеру(5 мин).
Оқушылар үйде жасап
келген отбасы туралы плакаттарын қорғайды.
ІІІ. Жаңа сабақ (15 мин)
а) тақырыпты ашу .
Тақтада меркелердің күндері мен суреттері ілініп, балаларға сұрақ қойылады.
-Балалар бұл не деп
ойлайсыңдар?
-Дұрыс, бұл
мерекелер. Қалай ойлайсыңдар бұл мерекелердің арасында айырмашлық бар ма?
- Иә, мерекелер әр
түрлі болады. Олар отбасылық, бүкілхалықтық, ұлттық және т.б болып бөлінеді.
-Сендер қандай
мерекелерді ұнатасыңдар?
-Жақсы балалар
сендер көбің отбасылық мерекелерді ұнатады екенсіңдер. Ендеше, бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы «Отбасылық мерекелер». Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді
жазамыз.
ә) сөздікпен
жұмыс(3 мин) (аудио):
мереке – праздник
отбасылық мерекелер
– семейные праздники
салт-дәстүр –
обычаи
діни мерекелер –
религиозные праздники
бүкілхалықтық –
общенародный
ұлттық -
национальный
Сәйкестеңдір
(Жеке жұмыс)
мереке –
|
семейные праздники |
отбасылық мерекелер –
|
религиозные праздники |
салт-дәстүр –
|
праздник |
діни мерекелер –
|
обычаи |
бүкілхалықтық –
|
национальный |
ұлттық -
|
общенародный |
б) негізгі бөлім
(топтық жұмыс). Оқушыларды топқа бөліп, мәтін беріледі. Мәтінді оқып шығып,
класстер жасайды. (12 мин)
Мерекелер ресми,
ұлттық, бүкілхалықтық және діни болып бөлінеді.
Қазақ халқында «Той
тойға ұлассын!» деген жақсы тілек бар, Бала дүниеге келгеннен бастап үйлі-жайлы
болғанша салт-дәстүрге байланысты тойлардың түрі өте көп.
Шілдехана –
нәрестенің дүниеге келуіне байланысты арналған той. Мұнда жастар жиналып ән
салып, домбыра тартады. Өмірге адам келгеніне қуанады.
Ат қою. Қаақта
балаға ат қою – жауапты іс. Туған нәрестенің ата-анасы, туыс-бауырлары ырымдап,
балаға елге сыйлы адамның есімін қояды. Бұл осы кісідей болсын деген ниеттен
туған.
Бесіктой –
кішкентай нәрестені бесікке салу дәстүрі. Бесіктің сәби денсаулығына пайдасы
өте зор.
Бұдан басқа да
салт-дәстүрге байланысты қырқынан шығару, тұсаукесер, сүндетттой, тоқымқағар,
тілашар, үйлену, қыз ұзату, мүшелтой және т.б. Олар қазақ халқы үшін маңызы
зор.
7-тапсырма.
Берілген кесте бойынша осы тапсырманы дәптерге орыңдаңдар.
Мемлекеттік мерекелер |
Салт-дәстүрге байланысты тойлар |
ҚР тәуелсіздік күні, Президент күні, ҚР Конституциясы күні, Астана күні |
Ат қою, Бесіктой, Айт, Шілдехана |
Мерекелер: ҚР тәуелсіздік күні, Шілдехана, Президент күні,Ат қою, ҚР
Конституциясы күні, Бесік той, Астана күні, Айт.
Сергіту сәті. (2 мин)
ІҮ. Сабақты бекіту. Жеке жұмыс (8 мин)
Карточкалармен
жұмыс.
1-карточка.
Семантикалық картаны толтыр. Наталья
|
Салт |
Сабақты |
Оқушыны көрді |
|
+ |
Үйге барды |
|
|
Сабақты оқыды |
|
|
Үй жұмысын орындады |
|
|
Арманмен кездесті |
|
|
Мектепке кел |
|
|
Сыныптан шық |
|
|
2-карточка.
Берілген етістіктерді болымды түрінен болымсыз түрге айналдыр. Замир
Үлгі: ойла - ойлама
кел, жүр, ойна,
қара, оқы, жаз, ал, жүгір, сана, ойла
3-карточка.
Берілген сөйлемдердегі етістіктерді аудар. Болымды, болымсыз түрлеріне қарай
ажырат. Александра
Үлгі: Мен Арманды
(видел) көрдім.Көрдім-болымды.
Азамат мектепке (не пришел). Біз отбасылық
мерекелерді (нравится). Біз отбасымызбен Жаңа жыл кешіне (ходили). Мұғалім
сабақты (объяснял). Арман мен Алия киноға (барған жоқ).
4-карточка. Берілген етістіктерді пайдалана отырып сөйлем
құра. Ирина
кел, жүр, көр, айт.
5-карточка.
Берілген етістіктерге морфологиялық талдау жаса. Виолетта
Оқыды, ойлады, сөйледі,
ойнады.
Оқыды
1. оқы – түбірі, зат
есім
2. ды – жедел өткен
шақтың жалғауы
3. мағынасына
қарай: негізгі
4. іс-әрекеттін
орындалу, орындалмауына қарай - болымды
5. құрамына қарай –
дара
Ү. Сабақты қорытындылау: «Өрмекшінің торы». Оқушылар сабаққа рефлексия жасайды.
ҮІ. Үйге тапсырма: 9-тапсырма. Салт-дәстүрге байланысты тағы қандай тойларды білесіңдер.
Солар туралы жазып келіңдер.
ҮІІ. Бағалау. Оқушылар
сабақ бойы бағалау парақшалары арқылы бағаланады.