Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
Сондықтан жаз балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру,әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу,әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру,денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.
Балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік орта-лагерь екені даусыз.Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек деген дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді?
Осы мақсатта біздің «Мектеп жанындағы сауықтыру лагерін ұйымдастыруға арналған әдістемелік көмек» атты ұсынылып отырған әдістемелік жинағымыздың септігі тиер деген ойдамыз.