«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы- тәрбиенің ұясы

13.03.2019

Ата- аналар жиналысының тақырыбы:

Отбасы- тәрбиенің ұясы

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Көрнекілігі: слайд, «Бала тәрбиесі» жөнінде бейнеролик, қанатты сөздер, карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер сергіту сәті, үлестірмелі материалдар.

Күн тәртібі:

1.«Отбасы-тәрбиенің ұясы» атты коучинг.

2. ІII тоқсанның қорытындысы.

3.Әр түрлі мәселелер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз. : Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына қош келіпсіздер! Жиналысымызды бастамас бұрын сіздерді «Шаттық шеңберіне» тұруларыңызды өтінемін.

  1. Ана мен бала бір –бірін құшақтасын
  2. Бір –біріне жылы сөздер айтқызу.

Ата- ананың басты қуанышы- бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Ал құрметті ата-аналар егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз!

1-қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»

2-қателік: «Не істесең оны істе маған бәрібір»

3-қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,өйткені мен үйдің басшысымын»

4-қателік: Балаларды тым еркелету

5-қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»

6-қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету

7-қателік: Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру,яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау

Міне құрметті ата-аналар,бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп,сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

Ата-ананың міндеті:

  1. Балаңызға күтім жасап, аяқтандыру.
  2. Тамағы тоқ, киімі бүтін екеніне көңіл бөлу.
  3. Балаңызға саналы тәрбие беріп, сапалы білім алуын қадағалау

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

5. Балаңыздың мектепте бару жағдайын жасау

 Біздің мына жарық дүниені көріп, қарнымыздың тоқ, деніміздің сау, ақылымыздың бүтін болғанына алдымен Аллаға шүкіршілік етіп, содан соң осының бәріне себепкер болған ата-анамызға алғыс білдіруге тиіспіз.

       Олар бар өмірін бізге арнады, біздер үшін көптеген қиыншылықтарды көрді, балапанын қорғаған қарлығаштай таң ата ұядан ұшып кетіп, кешке бізді тамақтандырды, қызғыштай қорып, мәпелеп өсірді. Әрине, ата-ана ақысын түгелдей құтылу мүмкін болмас. Бірақ та әрбір перзент келесі міндеттерді орындауы тиіс:

1.     Ата-анаға ешқашан қатты сөйлемеу, тіпті «уф» деп айтпау.

2.     Қандай жағдайда болса да, ана-анадан рұқсат сұрау. Олардың рұқсатынсыз ешбір істі бастамау.

3.     Бала ата-ана үшін қанша жаста болса да сәби болып қала береді. Сондықтан олардың бізді кішкентай баладай көруіне түсіністікпен қарау;

4.     Біз үйге келгенше тосып отыратынын естен шығармай, қоңырау шалып жағдайыңызды айтып қою;

5.     Барынша көңілдерін аулап, жылы сөздеріңізді аямау;

6.     Сый-сыяпат жасап тұру;

7.     Ауырып қалса, төсек тартып жатқан жағдайда күтім жасау;

8.     Олар қайтыс болған соң үнемі дұға бағыштап, еске алып тұру.

Бұл балалар сідердің ата-ана алдындағы міндеттеріңіз. Сіздер бұл міндеттері ешқашан естен шығармауларыңыз керек.

 

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай

балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!

3. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Қаралатын сұрақтар:

IIІ тоқсан қорытындысы (білім сапасы, үлгерімі, БТС қорытындысы)

1) Әр түрлі мәселелер

Кері байланыс

4.Коучингтің соңындағы көңіл-күйіңіз.

«Бала тәрбиесі» жөнінде ата – аналарға бейнеролик көрсете отырып, ой түйіндеу.

Ақкөл орта мектебі

Тақырыбы: «Отбасы – тәрбиенің ұясы»

Сынып жетекші: Алимбетова У.С.

9 «А» сынып

 

Просмотров: 597


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст