«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үлгерімі төмен оқушылармен жеке-бағдарлық жұмыс бойынша әдістер мен тәсілдер

25.01.2021

Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен жеке-бағыттық жұмыс жүргізу.

 Міндеттері:

1.     Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау. 

2.     Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау

3. Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру . /пән мұғалімдері/
4. Оқушының жеке даму диагностикасы. /мектеп психологі/
5. Инновациялық білімдік технологияның берілуі мен жүйесі, жиналуы, ізденісі
6. Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.
 

Үлгерімі төмен оқушыларды үш топқа бөліп қарастырған жөн:

1 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен. (танымдық процестердің төмендегі

ойлау, қабылдау, зейін, есте сақтау)

2 – топ: Ақыл – ой қызметі жоғары, бірақ оқуды игеру деңгейі төмен

3 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен,оқуды игеру деңгейі орта

 

1. Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару

Тәсілдің жақсы жақтары

Тәсіл кемшіліктері

Оқушының жеке дайындығын толығымен ескеруге және бар мәселелерді шешуге

болады

Ұйымдастырушылық: жеке жұмыс кезінде кіші балалармен қиыншылық тууы мүмкін.
Психологиялық: толымсыздық комплексін қалыптасады.

2. Жеке тапсырмалар(таратпа материалдар)

Жеке дайындығының деңгейін ескере отырып,  оқушыны жұмысқа жұмылдыру керек, оқушы өз күшіне сенуі керек.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуына көп уақыт кетеді.

3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы

Әр оқушыны жұмысқа тарту арқылы сыныпта жұмыс жағдай туындайды

Белсенді оқушы белсенділігі төмен оқушыны басып тастайды, өз пікірін міндеттейді

4. Жұптық жұмыс

Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушының сөзі тыңдалады, оны түсінуге

жағдай туады

Оқушылардың белсенділіктерінің төменділігі – оқу мотивациясының төменділігі

5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану

Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушы тындалады, оны түсінуге жағдай туады

Танымдық әрекеттерге кедергі болып оқушы сабақты «ойынға» айналдыру қаупі бар

6. Бұрынғы алынған тапсрымалармен байланысы жоқ шығармашылық жұмыстарды қолдану

Психологиялық кедергілерді жеңу, танымдық әрекеттердің белсенділігі байқалады

Алған білімінің таяз, жеткіліксіз болуы

7. Сыныптан тыс кезеңде оқушылармен жеке жұмыс

Оқушының жеке дайындық деңгейін ескеруге жағдай туады, оқушы өз күшіне сенуі керек. 

Уақытты талап етеді: көп жұмыс жүктеледі, мазасыздық туындап, өзін-өзі ыңғайсыз сезінеді.

8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту

Оқушының танымдық әрекеті, оқуға ынтасы жоғарылайды

Мектептің қаржылық базасының шектеулі болуы үлгерімі төмен оқушыларды тартуға қиындық туғызады

9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту

Кедергілерді жеңе білу

Қоғамдық жұмыспен және оқушы арасындағы тікелей байланыстың болмауы оқушыны танымдық және қоғамдық жұмыстарға тартуға қиындық туғызады

10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары

Мектеппен ата – аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеу

Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін алшақ ұстауы және мектептің ата –

аналардың мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы

 

 

Просмотров: 605


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст